spot_img
- Жарнама -spot_img
13.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысында жол бойындағы дәмханалардың бірінде шетелдіктер заңсыз еңбек еткен

Ақмола облысында жол бойындағы дәмханалардың бірінде шетелдіктер заңсыз еңбек еткен

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы өз учаскесінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жол бойындағы дәмханалардың бірінде осы мекемеде заңсыз жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасының 6 азаматын анықтады.

Тексеру іс – шаралары барысында белгілі болғандай, алты ер адамның жұмысқа орналасуға қандай да бір рұқсат құжаттары болмай, әр түрлі жұмысты істеуші ретінде жұмыс істеген.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясына сәйкес, еңбек мигранттарына әкімшілік айыппұл салынады немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылады.

Сондай-ақ, заңды бұза отырып, шетелдік азаматтарды жұмысқа тартқан жол бойындағы дәмхананың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img