Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында орта мектеп кеңсе жиһазын негізсіз сатып алған

Ақмола облысында орта мектеп кеңсе жиһазын негізсіз сатып алған

​Бұл туралы «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн-брифинг барысында «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова айтты.

Спикердің ақпараты бойынша, Ақмола облысында бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау мақсатында тұрғындардың бірі Рublicbudget.kz Ашық бюджеттердің интерактивті картасының сайтына өз бетінше мониторинг жүргізген.

Мониторинг барысында Бурабай ауданының орта мектебі жалпы сомасы 65 000 теңгеге кеңсе жиһаздарын сатып алуды жоспарлағаны анықталды, алайда бюджет қаражатын тиімді жұмсау және үнемдеу режимін күшейту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың кеңсе жиһазын сатып алуына уақытша тыйым салынды.

«Осыған байланысты азамат оқу орнына шағым түсірді, алайда мектеп бұл жиһазды сатып алғаны белгілі болды. Өтініш негізінде анықталған бұзушылықтар үшін Бурабай ауданының білім бөлімі білім беру мекемесінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жазаға тартты», – деді Самира Тайтенова.

Спикер атап өткендей, бұл мысал мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысының орнатылуының және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың айғағы болып табылады, ал Интерактивті карта мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалогтық платформасына айналады.

Айта кетейік, әрбір тұрғын Ашық бюджеттердің интерактивті картасы арқылы мектептердің, балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың, өңір жолдарының бюджет ақшасының бірыңғай платформада қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалатынын көре алады, сондай-ақ ашықтықты қадағалап, оның дамуына әсер ете алады.

Динара Нұртаз, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)​ Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...