Вторник, 8 октября, 2024
ЖаңалықтарМаңызды«Nur Otan»: ақпараттық ағымның шекарасын кеңейтуде

«Nur Otan»: ақпараттық ағымның шекарасын кеңейтуде

Ауылдық жерлерде науқанды жүргізу ол үгіт-насихат жұмыстарын коммуникацияларды әкімшілік ресурстармен ретке келтірумен ұштастыруды көздейді. Кандидаттың сайлаушылармен жеке кездесуі және штаб қызметкерлерінің мақсатты топтармен жеке жұмыстары үлкен нәтиже береді. «Nur Otan» партиясы үгіт жоспарының бағдарламаларын іске асыру барысында ауылдық округ тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен ақпараттандыруға аса мән береді.

2020 жылдын 14 желтоқсанында ZOOM онлайн-платформасында Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Дамир Шоқанұлы Сұрағановтың үгіт кездесуіне Атамекен ауылды округінің Атамекен, Қаражар және Жаңажол ауылдары тұрғындарының өкілдері жиналды. Кездесу барысында кандидат еркін диалог түрінде барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Отандық білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, біз бір орында тұрмауымыз керек. Білім беру жүйесі ізденісте болуы, үнемі дамуы тиіс. Сондықтан басты үміт жаңа және прогрессивті,ашық ұрпақты тәрбиелеуге қабілетті мұғалімдерге жүктеледі» — деген Д.Ш. Сұраганов Президенттің сөздерін ерекше  атап өтті.

Дамир Шоқанұлы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры болып табылады. Қала мен ауылдағы балалар арасындағы білім беру деңгейіндегі айырмашылықтарды жоюды маңызды міндет деп санайды. Оның айтуынша, білім беру стандарттары бірыңғай болуы тиіс.

Тұрғындар ауылдық жерлердегі білім беруге қатысты өзекті сұрақтарды койып, ал  кандидат оларға толық жауап берді.

Кездесудің қашықтық форматына қарамастан, ауыл тұрғындары өз ісіне деген патриотизмге толы «Nur Otan» партиясы мен кандидаттың белсенді және жемісті жұмысын сезіне алды. Тұрғындар партияға берілген әрбір дауыс — көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы дұрыс қадам екеніне сенімді.  

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...