Вторник, 22 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында ҚР Мәжілісі және мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша белсенділерге алғыс хаттар...

Ақмола облысында ҚР Мәжілісі және мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша белсенділерге алғыс хаттар табысталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы алғыс хатын табыстау рәсімі барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра «Достар» мәдениет сарайының залында салтанатты түрде өтті.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген қоғам қайраткері, танымал дәрігер  ел тағдырындағы маңызды кезеңде қазақстандықтар Елбасы,   Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін елдің бас партиясына айналған «Nur Otan» партиясын  бір адамдай қолдап, оған 71.09% дауыс бергенін атап өтті.

«Бұл — Елбасының үлкен беделі мен оның тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан өлшеусіз үлесін айқын көрсететін толық жеңісі, Сайлаушылардың науқанға қатысып,  «Nur Otan» партиясы үшін дауыс бергендердің саны  71.09% құрады, бұл — Елбасымызды   халықтың қолдайтынын дәлелдейтін тағы да бір жайт», — деді ол.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша   облыстық мәслихат депутаттығына 58 кандидат және 1444 байқаушы тіркелген. Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары кезінде  20 штаб тіркеліп жұмыс істеді.    Коронавирустық пандемияның таралу қаупіне байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимінде өткізілседе, халықпен тікелей кездесулер де ұйымдастырылды.

Штабтың Қоғамдық қабылдауларында телефон қоңыраулары, өтініштер, келіп түскен сұрақтар, сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектері өңделді. Жалпы алғанда 570-тен астам қабылдау өткізіліп, 3000-нан астам өтініш келіп түсті. Келіп түскен барлық өтініштер талданып, толық көлемде орындалатын болады дейді нұротандықтар.

«Есіктен есікке» акциялары, экспромт-кездесулер, кандидаттардың сенімді тұлғаларының қатысуымен канвассинг нысанындағы кездесулері өтіп, партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіру жұмысы кеңінен өтті.  Еңбек ұжымдарымен кездесулер кезінде эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталды.

«Мұның барлығы қажетті жұмыстар және Партиямыздың  сайлаудағы жеңісіне сүбелі үлес қосқан шаралар. Штаб мүшелерінің әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосты. Сонымен бірге, біз бүгін сайлауалды компанияға қомақты үлес қосып, барлық қиын да қажырлы жұмыстармен айналысқан әріптестерімізді атап өтпекпіз», — деп, салтанатты жағдайда белсенділер мен штаб мүшелерін Елбасының арнайы Алғыс хатымен марапаттады. 

Жалпы, Ақмола облысы бойынша  мыңнан астам партия белсенділері  марапатталды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...