Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамСайлауалды уәделер жүзеге асырыла бастады

Сайлауалды уәделер жүзеге асырыла бастады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кеше еліміздің бас партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіткендігін жариялады. Бұл партияның сайлаудан кейінгі көп ұзамай халықпен етене жұмыс істеп кеткендігінің белгісі. Партиямыздың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті. Сонымен, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламаларының негізінде 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасы бекітілді.

Оның ішінде Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларының дамыту бағдарламасы бар. Әр бағдарлама  әр отбасының, әр азаматтың жеке басына оның әлеуметтік жағдайының жақсаруына бағытталған.

Партияның сайлауалды бағдарламасы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарымен жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды. Тек праймериз барысында ғана республика бойынша  азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жинады. Бұдан бөлек үгіт-насихат кездесулері кезеңінде тағы 42 мыңнан аса аманат түсті. Олардың 65%-тен астамы аймақтық бағдарламаларды бекіту кезінде ескерілді.

Міне, осы мәселелердің барлығы дерлік партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, алдағы бесжылдықтың өңірлерді дамыту жоспарына кірді.  Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Nur Otan депутаттары әрбір өңірде, қала мен ауданда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Партия атынан айаланған әр депутат өңірлерді дамыту бағдарламасының жүзеге асыуын, оған бөлінген әр қаражаттың тиімді жұмасалуын қадағалайтын болады. Біздің мақсат халыққа қызмет ету !

 

Айнагүл Балташева,

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...