Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында санитарлық дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында санитарлық дәрігерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және өңірлік Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, сондай-ақ оның аумақтық басқармаларының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен онлайн режимінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау және жою бойынша кездесу өтті.

Кездесуге қатысушыларға облыстың санитарлық дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну бойынша ақпарат жеткізілді.

Жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы заңнама және басқа да бірқатар нормативтік актілер талаптарының сақталмауы осы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал етті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшылығы мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерді түсіндірді.

«Қоғамдық денсаулықты сақтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы санэпидқызмет мамандары үшін, әсіресе коронавирустық пандемия кезінде маңызды болуы керек. Сондықтан, мен әрқайсысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік танытуға шақырамын», — деп атап өтті өз сөзінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.

Өз кезегінде облыстың бас санитарлық дәрігері алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...