Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында су тасқынына қарсы штаб іске қосылды

Ақмола облысында су тасқынына қарсы штаб іске қосылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, штабтың міндетті аудан аумағында су тасқынын және одан болатын төтенше жағдайды алдын алу бойынша мәліметтерді жинау, өңдеу кіреді.  Оның нәтижелері бойынша қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне ұсынымдар беріледі.

ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев бастаған штабтың жұмыс тобы гидротехникалық құрылыстарды тасқын сулармен толтыруға, олардың өзен арналары арқылы өтуіне мониторинг жүргізеді. Су айдындарындағы су деңгейі көтерілген жағдайда су басу аймағына түсетін аудан әкімдіктері мен халықты дереу хабардар етеді.

Бұдан басқа, штабқа құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін техниканың, авариялық-құтқару жабдығының қажетті санын, құтқару командалары жеке құрамының санын айқындау міндеті жүктелген.

Ағымдағы жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша облыстық ТЖД-да су тасқыны сипатындағы төтенше жағдайды жоюға жеке құрамның 477 адамы, 88 бірлік техника, оның ішінде 12 жүзу құралы, 103 мотопомпа дайын.

Қазіргі уақытта облыста елді мекендерден қар шығару, каналдар мен арық жүйелерін, су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сонымен бір мезгілде өңірлердің жергілікті атқарушы органдары аумақтық кіші жүйенің күштері мен құралдарын жоғары әзірлікке келтірді.

Ағымдағы жылғы 25 наурыздан бастап облыс Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында облыстық су тасқынына қарсы жедел штаб құрылды. Күн сайын облыстық су тасқынына қарсы штабтың отырыстарын өткізу жүзеге асырылады, онда кезекші ауысымның есептері тыңдалады. Штаб облыстың қалалары мен аудандарының АҚ және ТЖ қызметтерімен өзара байланысқа қойды. Штабта 51-84-46 телефоны жұмыс істейді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...