Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының болашақ құтқарушылары парасаттылыққа шақырылды

Ақмола облысының болашақ құтқарушылары парасаттылыққа шақырылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының басшылығымен, оқытушылар құрамымен және курсанттарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мұрат Төлеубаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде болашақ өрт сөндіруші-құтқарушыларды сатылмаушылыққа, адал және парасатты қызмет етуге шақырды.

«Парасаттылық пен академиялық адалдық оқушыларға білім беретін адамдар үшін де, жастарға да мінез-құлық нормасы болуы керек. Төтенше жағдайларға тап болған адамдардың өмірі құтқарушылардың кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Сіздер жауапты қызмет атқарасыздар, сондықтан өз еліңіздің лайықты азаматы болуға шақырамын», — деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы әлеуметтік бейнероликтерді көрсету барысында кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын кезекті рет көрді.

Сондай-ақ, өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы жоғары оқу орнының зертханаларымен, оқу кабинеттерімен және мұражайымен танысты. Сонымен қатар, оған оқытуға арналған авариялық-құтқару техникасы мен жабдықтары ұсынылды.

Студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Көкшетау техникалық институтында, өңірдің барлық жоғары оқу орындарындағыдай, «Саналы ұрпақ» ерікті клубы жұмыс істейді, оның аясында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Институт өкілдерінің қатысуымен жүйелі түрде түрлі іс-шаралар өткізіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...