Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында судьялар тағайындалды

Ақмола облысында судьялар тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық сотының кеңейтілген жалпы отырысында облыстық сот төрағасы Досжан Әмір Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурызындағы Жарлығымен Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметіне Әріпхан Нартай Әскербекұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.

Шортанды аудандық сотына Оспанова Райхан Жайылханқызы Қостанай қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды. Жақсы аудандық сотына Сақанов Ринат Мирхатұлы, Сандықтау аудандық сотына Сәдірмекова Арайлым Тәліпбекқызы, Біржан сал ауданының сотына Әбдірайымов Фархат Уәлбекұлы тағайындалды.

Досжан Әмір тағайындалған судьяларды қызметке кірісуімен құттықтап, сот төрелігін сапалы іске асыруда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға тапсырма берді.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...