Четверг, 10 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының аумағында 200-ден астам шетелдік ҚР азаматтығынан айырылды

Ақмола облысының аумағында 200-ден астам шетелдік ҚР азаматтығынан айырылды

Ақмола облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы республикамыздың Конституциясына сәйкес Қазақстан азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайтынын еске салады.

Заңға сәйкес ҚР азаматтығында тұрған адам шетел мемлекетінің азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде азаматтық қабылдау фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті. 2022 жылдың басынан бастап Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы 220 шетелдіктің ҚР азаматтығынан айырылғанын тіркеді.

Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында облыс аумағында қос азаматтығы бар азаматша анықталды. 54 жастағы құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды.

ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды. Егер қазақстандық басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.

Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабында көзделген екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа не Қазақстанның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Қазақстан азаматтығын жоғалтқан адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...