Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мәселелері талқыланды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мәселелері талқыланды

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, оған қалалар мен аудандардың әкімдері, өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, өңір басшысы сыбайлас жемқорлық елдің тәуелсіздігіне ғана емес, қауіпсіздігіне де кедергі келтіретінін, өмір саласына кері әсерін тигізетінін және халықтың әл-ауқаты мен қоғамның дамуын төмендететінін атап өтті.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат отандық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады. Жаңа тәсілдер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне барлық мемлекеттік құрылымдарды тартуды көздейді, бұл ретте қойылған міндеттерді орындау үшін әрбір мемлекеттік органның кәсіби жауапкершілігін арттыру қажет.

«Өткен жылдан бастап облыстық басқармаларда №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»үлгілік базалық бағыты іске асырылуда. Қазіргі уақытта бұл жұмысқа аудан әкімдіктері де қосылды. ҮББ-4 іске асыру үшін 90 мемлекеттік қызметші жұмылдырылды. Осы бағытта кешенді тәсілді жалғастыру керек», – деді Ермек Маржықпаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Арман Рахимов өз сөзінде қатысушылардың назарын ауылдық округтер әкімдерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жобаларды уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қызметі қаралды. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы және Целиноград ауданының әкімі баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша облыс әкімі ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...