spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыЕнді Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін

Енді Мемлекеттік күзет қызметі Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін

-Жарнама -spot_img

«ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында жазылғандай, енді Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ.

«Міндеттері – Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – делінген жаңа редакцияда.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетілген.

Мемлекет басшысының Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img