Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарамен 72 кәсіпорын қамтылды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарамен 72 кәсіпорын қамтылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында өңір кәсіпкерлерімен іскерлік кездесу өтті.

Кездесу барысында Департамент басшысы Арман Рахимов ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында мамандандырылған «Агромир» және «КОКШЕ CITY» кәсіпорындарының басшылығына көрсетілген сенімі үшін алғысын білдіріп, жоба аясында одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға сенім білдірді.

«Біз кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік органдардың кез келген қысымынан қорғауға және инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық сүйемелдеуге әрқашан дайынбыз. Өз кезегінде, сіздер адал бизнес жүргізулеріңіз, әлеуметтік жауапкершілік көрсетулеріңіз және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділік танытуларыңыз керек», — деп атап өтті Арман Рахимов бизнес өкілдеріне арнаған сөзінде.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастық бойынша барлық қызықтыратын мәселелерді қарап, негізгі ережелер, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттемелері көрсетілген бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Енді «PBI» жобасы шеңберінде Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен 700 млрд теңгеге жуық жалпы инвестиция сомасына 72 кәсіпорны қамтылды, олардың ішінде «Көкшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «КАМАЗ Инжиниринг» АҚ, «Бижан» ЖШС, «Намыс» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС және басқалары.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...