Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық үздік мұғалімдер марапатталды

Ақмолалық үздік мұғалімдер марапатталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласындағы «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында Мұғалімдер күні аталып өтілді. Шараға аймақ Ермек Маржықпаев қатысты.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында Қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды да кезек күттірмейтін міндет тұрғанын атап өтті. Бүгінгі таңда уақыт-білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр, оны орындауда мұғалімнің рөлі зор. Педагог кадрларды тарту үшін облыс бюджетінен жыл сайын гранттар бөлінеді. Бүгінде бұл гранттар бойынша 400-ге жуық адам білім алуда. Биылғы жылы дерлік 100 маманға облыс мектептеріне жолдама берілді. Ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін мұғалімдерді тарту, ынталандыру ретінде «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасының берері мол. Осы ретте, биылғы жылы 160 маманға тұрғын үй сатып алуға 690 миллион теңге сомасында несие берілді, 322 маман 94 миллион теңге көлемінде көтермеақы алды», — деді Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы атап өткендей, білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысында білім беру жүйесін жаңғырту және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстың білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын артып, бүгінде 132 миллиард теңгеге жетті.

Бүгінде облыста 1300-ге жуық білім беру ұйымдары жұмыс істейді, онда 21 мыңнан астам педагог еңбек етеді. 123 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие, 101 мұғалім «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, 15 мұғалім «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Облыстың 30-дан астам мұғалімі «Үздік педагог» республикалық байқауының грантының иегері. Білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін аймақ басшысы мұғалімдерге ведомстволық наградалар мен алғыс хаттарды тапсырды.

Нақтырақ айтсақ, шара барысында 11 жас педагогке облыс әкімінің 100 мың теңге көлемінде сыйлығы тапсырылды. 2 педагог адал еңбегі үшін 500 айлық есептік көрсеткіш сертификатына, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі, «Жұлдыз» санаториялық үлгідегі облыстық орта мектеп-интернаты, тиісінше 3 және 2 миллион теңге көлемінде облыс әкімнің сертификатына ие болды.

«Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Ақмола облысының 2 үздік мұғалімі «Үздік педагог» төсбелгісін алып, 2,9 миллион теңге көлемінде сыйақы алды.

Олардың арасында Көкшетау қаласындағы «Өркен» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Ольга Корябкина, Жақсы ауданы Жақсы ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Қасқаева бар.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...