Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында тілдер онкүндігі басталды

Ақмола облысында тілдер онкүндігі басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өңірде 6-17 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай екі мыңға жуық түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды @uvp_aqmola .

Тілдер онкүндігі бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ішкі саясат, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар, білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте бастау алды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова өз сөзінде биылғы Тілдер күніне арналған барлық іс – шаралар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғанын атап өтті.

«Тілдер онкүндігі аясында барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады. Олардың қатарында конкурстар, акциялар, викториналар, айтыстар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, бейнесабақтар, челлендждер конкурстары, онлайн форматтағы іс-шаралар бар. Тілдер онкүндігіне барлығы 200 мыңнан астам ақмолалық қатысады», — деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ, Алтынай Әміренова облыста 19 тілдерді оқыту орталығының жұмыс істейтінін, биыл оқу жылында 3500-ден астам тыңдаушы аяқтап, мемлекеттік тілдегі 1406 тыңдаушы, ағылшын тілі бойынша 487 тыңдаушы сертификат алды.

Ономастика бағыты бойынша осы жылдың соңына дейін облыста 36 түрлі мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту жоспарлануда.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мен білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова өз сөздерінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған түрлі форматтағы іс-шаралар барлық мәдениет және білім беру ұйымдарында өткізілетінін атап өтті.

Олардың ішінде «Жұлдызды сәт» караокесі, мектеп оқушылары арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» конкурсы, мектепке дейінгі ұйымдарда «Отан, тіл және білім – болашақтағы тірегім» мақал — мәтелдер байқауы, мәдениет мекемелеріндегі «Түркі тілдерінің ішіндегі жауһары-қазақ тілі» шығарма конкурстары бар.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...