Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында тілдер онкүндігі басталды

Ақмола облысында тілдер онкүндігі басталды

Өңірде 6-17 қыркүйек аралығында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай екі мыңға жуық түрлі іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды @uvp_aqmola .

Тілдер онкүндігі бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ішкі саясат, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар, білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте бастау алды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова өз сөзінде биылғы Тілдер күніне арналған барлық іс – шаралар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналғанын атап өтті.

«Тілдер онкүндігі аясында барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, мемлекеттік тілді танымал етуге бағытталған іс-шаралар жүргізілетін болады. Олардың қатарында конкурстар, акциялар, викториналар, айтыстар, көрмелер, дөңгелек үстелдер, бейнесабақтар, челлендждер конкурстары, онлайн форматтағы іс-шаралар бар. Тілдер онкүндігіне барлығы 200 мыңнан астам ақмолалық қатысады», – деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ, Алтынай Әміренова облыста 19 тілдерді оқыту орталығының жұмыс істейтінін, биыл оқу жылында 3500-ден астам тыңдаушы аяқтап, мемлекеттік тілдегі 1406 тыңдаушы, ағылшын тілі бойынша 487 тыңдаушы сертификат алды.

Ономастика бағыты бойынша осы жылдың соңына дейін облыста 36 түрлі мемлекеттік мекеменің атауын өзгерту жоспарлануда.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мен білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова өз сөздерінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған түрлі форматтағы іс-шаралар барлық мәдениет және білім беру ұйымдарында өткізілетінін атап өтті.

Олардың ішінде «Жұлдызды сәт» караокесі, мектеп оқушылары арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» конкурсы, мектепке дейінгі ұйымдарда «Отан, тіл және білім – болашақтағы тірегім» мақал – мәтелдер байқауы, мәдениет мекемелеріндегі «Түркі тілдерінің ішіндегі жауһары-қазақ тілі» шығарма конкурстары бар.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...