spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерБұландыБұланды ауданында жаңа спорт нысандары ашылды

Бұланды ауданында жаңа спорт нысандары ашылды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа спорт алаңдары Макинск қаласының Каменный карьер кентінде ашылған. Жаңа жобаға жасөспірімдердің физикалық қабілеттерін дамытуға арналған алаң, балалар үшін төбешік, әткеншек, құмсалғыш және жасанды көгалдан жасалған футбол алаңы кіреді.

«Балалар-біздің болашағымыз. Жастарымыздың бос уақытта спортпен шұғылданып, балаларымыздың қазіргі замаңға сай ойын алаңдарында ойнап жүргені біздерді қуантады. Балаларға сыйлаған қуанышыңыз үшін аудан басшылығына үлкен рахмет», – деп өз әсерімен бөлісті кент тұрғыны Үмітжан Машанова.

Жалпы, Макинск қаласында 5 балалар және спорт алаңдарының құрылысы облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Степгеология кентінің ауданында балалар мен спорт алаңының құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, басқа аудандарда тағы да осыған ұқсас үш жобаның құрылысы аяқталуға жақын.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img