Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауысты, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасынан.
Ведомствоның мәліметі бойынша ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ақмола облыстық ТЖ департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Министрдің бұйрығымен бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Атығаев осы лауазымға тағайындалды.
Нұрлан Атығаев 1978 жылы 31 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Нұрлан Бауыржанұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы. Соңғы бес жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Бұған дейін Ақмола облысы ТЖД бастығы болып келген Алексей Советов ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.