Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Ақмола облысында ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауысты, деп хабарлайды облыстық  ішкі саясат басқармасынан.

Ведомствоның мәліметі бойынша ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Ақмола облыстық ТЖ департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Министрдің бұйрығымен бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Нұрлан Атығаев осы лауазымға тағайындалды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы 31 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. Еңбек жолын Нұрлан Бауыржанұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы. Соңғы бес жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Ақмола облысы ТЖД бастығы болып келген Алексей Советов ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...