spot_img
- Жарнама -spot_img
19.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерЕсілЕсіл ауданында құрама жем зауыты салынуда

Есіл ауданында құрама жем зауыты салынуда

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының Есіл ауданында «Рау Агро» ЖШС салынып жатқан құрама жем зауыты мен астық қоймасын желтоқсан айының соңында тапсыру жоспарланған.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, жобаның құны 648 миллион теңгені құрайды. Нысанның жылдық қуаты 2,5 мың тонна өнімді құрайды.

«Зауыт құрылысы өткен жылдың ақпан айында Есіл қаласында қолға алынды. Құрылыс жұмыстары барысында әкімшілік ғимарат, астық құятын шұңқыр, екі қойма салынды. Зауытта жоғары сұрыпты малы азығы шығарылады. Мал азығы түйіршік және құм тәрізде шығарылады, құрамында ақуыз-дәрумен-минералды қоспасы болады», – деп атап өтті аудан әкімдігіндегілер.

Қазіргі кезде, зауытта он жұмыс орны құрылып отыр. Замануи зауыт компьютер арқылы басқарылады, жоғары тиімді қондырғы орнатылған, астық кептіргіш, элеватор, шикізат пен дайын өнім қоймасы бар.

Айта кетсек, аталмыш жоба Индустрияландыру картасына енген және «Агробизнес-2020» жобасы арқылы жүзеге асырылуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img