spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысындағы ветеринария саласының қызметкерлері түзеу колониясында болды

Ақмола облысындағы ветеринария саласының қызметкерлері түзеу колониясында болды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық департаментімен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ҚР ІІМ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін Гранитный кентінің колониясына экскурсия ұйымдастырды.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертханасы Ақмола облыстық филиалының ұжымына ЕЦ-166/25 мекемесінің сотталғандарын ұстау жағдайлары көрнекі көрсетілді.

Ветеринария саласының қызметкерлері сотталғандарға арналған жатақханаға, бос уақыт және тәрбие жұмысына арналған бөлмеге, асханаға, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар жұмыс істейтін «өнеркәсіптік аймаққа» барды.

Квазимемлекеттік сектор өкілдерінің айтуынша, профилактикалық экскурсия іс-шараға қатысушыларға терең әсер етті, өйткені түзеу мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық жасаушылардың өмірімен танысқаннан кейін сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасалған жағдайда оларды қандай салдарлар күтіп тұрғанын түсіну пайда болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img