Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданған

Ақмола облысында қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында қылмыс жасаған адамның заңсыз мемлекеттік қызметке қабылданғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сот бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 681-бабы).

«Сотта анықталғандай, айыпты 2022 жылдың шілдесінде 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша сот үкімімен сотталған адамды мемлекеттік қызметке жататын құрылыс секторының меңгерушісі лауазымына жұмысқа қабылдаған. Осылайша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тартылған азаматтарды жұмысқа қабылдауға тыйым салатын «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның нормаларын ескермеген. Айыпты сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 241 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды», — деді ведомстводан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...