Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
6.2 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданған

Ақмола облысында қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданған

Ақмола облысында қылмыс жасаған адамның заңсыз мемлекеттік қызметке қабылданғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сот бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 681-бабы).

«Сотта анықталғандай, айыпты 2022 жылдың шілдесінде 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша сот үкімімен сотталған адамды мемлекеттік қызметке жататын құрылыс секторының меңгерушісі лауазымына жұмысқа қабылдаған. Осылайша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тартылған азаматтарды жұмысқа қабылдауға тыйым салатын «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның нормаларын ескермеген. Айыпты сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 241 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды», – деді ведомстводан.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...