Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмола облысында үздік отбасылық қарым-қатынас клубы анықталды

Ақмола облысында үздік отбасылық қарым-қатынас клубы анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Отбасы — баланың дамуы мен қалыптасуындағы маңызды буын. Облыстың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы барлық тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кең түрде қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі.

«Отбасы – мектеп» тәрбие жобасында жалпыұлттық құндылықтарды іске асыру отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасына бағытталған.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақмола облысының білім беру мекемелері арасында «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай конкурсы өтті.

Аталған іс-шараға 17 аудандық (қалалық) білім бөлімдерінен аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Конкурс екі турдан тұрды: отбасылық клуб қызметінің презентациясы бар портфолио; отбасылық құндылықтар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер туралы бейнеролик.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

1 орын – Жақсы ауданы, А. Әбдірахманов атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;

2 орын – Ерейментау ауданы, Еркіншілік орта мектебінің «Күншуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;

2 орын – Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейінің «Радость общения» отбасылық қарым-қатынас клубы;

3 орын – Атбасар ауданы, Шу орта мектебінің «Ұрпақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;

3 орын – Аршалы ауданы, Ж. Тәшенов атындағы орта мектебінің «Мерейлі отбасы» отбасылық қарым-қатынас клубы;

3 орын — Сандықтау ауданы, Приозерное а. орта мектебінің «Біз біргеміз» отбасылық қарым-қатынас клубы.

«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және отбасы құндылықтарын нығайту бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыста шығармашылық табыстар тілейміз.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...