spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыЕңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

Еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі

-Жарнама -spot_img

Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша нақты міндеттерді қойды. Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады. Президенттің инфляцияны белгіленген дәліздерге қайтару тапсырмасын іске асыру мақсатында Үкімет 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету іс-шаралары кешенін қабылдады», – деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған жоспар аясында бағалардың өсуін тежеуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталған жедел және жүйелі сипаттағы 64 іс-шараны іске асырылуы көзделген.

«2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1 трлн. теңгені құрайды. Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілетін болады. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34-тен 25 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Әлихан Смайылов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img