spot_img
- Жарнама -spot_img
18.4 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

-Жарнама -spot_img

2021 жылғы 23 мамырда сағат 23:58-де Целиноград АПБ кезекші бөліміне ПД патрульдік полиция ротасы қызметкерлерінен «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 32 шақырымында «NissanTeana» маркалы автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында қозғалып, рульді басқара алмай, жүріс бөлігіне орнатылған қисық сызықты брусқа соқтығысқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 32 жастағы жолаушы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ауруханасына «бастың жұмсақ тінінің соғылуы» диагнозымен жеткізілді, тексеруден кейін үйіне жіберілді.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 445-бабының 1-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша қылмыстық істі бастады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img