Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғам«Адалдық сағатында» Мақпал Мыса: «Парасат– Прогресс – көзқарас»

«Адалдық сағатында» Мақпал Мыса: «Парасат– Прогресс – көзқарас»

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатының» кейіпкері ақын Мақпал Тәжмағамбетова болды.

Нәзік жырларымен өлең сүйер оқырмандарын сусындатып жүрген ол Алматы облысында дүниеге келген.

Ел аузында Мақпал Мыса деген атпен танымал ақын талай жыр додаларының жүлдегері, атап өтсек, «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері, Қазақстан жазушылары және журналистері одағының мүшесі, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.

«Бақыттың мәні – парасаттылықта. Ақыл-парасат күші – жақсы мен жаман қылықты айыруға, дүниедегі ізгіліктің күшін игеруге үндейтін, жол ашатын күш» деп сұхбатын бастаған Мақпал Мыса, жас буынға берген тәрбиедегі адами құндылықтардың қаншалықты маңызды екенін айтып өтті.

«Елдік мінез қалыптастыру», яғни Отансүйгіштікке тәрбиелеу мен рухани азық беру арқылы, сана сілкінісін жасауға болатындығын жеткізді.

«Парасат – қараңғыдағы шырақ» дей келе, парасат шыңына тек адам ішіндегі әділдік сезімі арқылы ғана жету мүмкін екендігін, ал оның жас жеткіншек бойына берілетін мейірім мен шапағат арқылы қалыптасатындығын айтты.

Сондай-ақ, онлайн-дәріс барысында балаға үйдегі берілетін тәрбие, үлкендерден алған өсиет пен өнегесі, білімі мен ақылы болашағына жарық беретінін жеткізді.

Бүгінде М. Тәжмағамбетова халық қалаулысы атанып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

«Қайырылғанда қайрайтын, қарайғанда ағартар – үміт, сенім, мейірім, махаббат, достық, ізгілік сияқты ұлы қасиеттер» деп ақынның өзі айтқандай, адам бойындағы барша ізгі қасиеттер бүгінде парасаттылық ұғымына топтасып тұрғандай.

Тек оқырман сүйіспеншілігіне ғана ие болмай, сенім артқан ел базынасын да шешуге ат салысып жүрген тұлғаның жастарға парасаттылық туралы айтқан сөздері көзі қарақты жастардың жүрегінен орын табады деп есептейміз.

Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/BWs72EAJSEY

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...