-26.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысының 37 жастағы тұрғыны көршісін ұрып өлтірді

Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны көршісін ұрып өлтірді

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы мамырдың 11-де сағат 07:07 шамасында Көкшетау қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» пультіне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өз пәтерінің жатын бөлмесінен көршісінің денесін тапқанын айтқан.

Ер адамның сөзінше, көршісі оған шай сұрап келген. Сол кезде онда дене жарақаттары болған. Таңертең оянғанда ер адамның көз жұмғанын көріп, бірден полицияға хабарласуды шешкен.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары 53 жастағы ер адам түнгі сағат бір шамасында көптеген жарақаттардан қайтыс болғанын анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам «бастың, кеуденің, іштің ішкі ағзалардың зақымдалуы, бауырдың жыртылуы және травматикалық шоктың» салдарынан көз жұмған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция осы қылмысқа полицияға хабарласқан 37 жастағы жергілікті тұрғынын қатысы барын анықтады. Ер адам жасаған қылмысын толық мойындады. Ол ішімдік ішу барысында туындаған жанжал кезінде көршісін ұрып, кейін төсегіне жатуға кетіп қалған. Тек таңертең көршісінің өлгенін анықтады. Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабының 1 бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды», — деді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img