spot_img
- Жарнама -spot_img
23.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамАқмола полицейлері бір күн ішінде онлайн-форматта 127 дәріс өткізді

Ақмола полицейлері бір күн ішінде онлайн-форматта 127 дәріс өткізді

-Жарнама -spot_img

Жол-көлік жарақаттары проблемаларының бірі балалардың ЖКО-ға түсуі болып табылады. Бұл ретте балалардың жол-көлік жарақаттануы деп – 16 жасқа дейінгі адамның әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған, белгілі бір уақыт аралығындағы барлық жол-көлік оқиғаларының жиынтығы айтылады.

Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының тұрақсыздығының себептерінің бірі-жол қозғалысына қатысушылардың көлік мәдениетінің төмен деңгейі және әртүрлі әлеуметтік институттардың жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде балалар арасындағы алдын-алу проблемасына жеткіліксіз көңіл бөлуі.

Осыған байланысты, жазғы демалыс қарсаңында Ақмола облысында екінші күн «Назар аударыңыз-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, ол балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараны жол полициясы қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, уәкілетті полиция және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жүргізеді.

Мектептерде полиция қызметкерлері ата-аналар жиналыстарында дәріс оқиды, оқушылармен конкурстар мен викториналар өткізеді, олардың көмегімен оқушыларға жолдағы қауіпсіздікті қызықты түрде еске салады. Сондай-ақ, балалар жол-көлік оқиғасына түскен мектептерді жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастыру тұрғысынан тексеру жоспарланған.

Бірінші күні онлайн-форматта профилактикалық сипаттағы 127 дәріс пен әңгіме өткізілді, оның ішінде 101 мектеп оқушылары арасында, 26 ата-аналар арасында. Аумақтық полиция органдары басшылығының қатысуымен 5 тікелей эфир өткізілді, онда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыспен байланысты дағдылар бекітілді.

Сонымен қатар, облыс бойынша «Құрметті жолдас-жүргізуші!» атты 8 акция өткізілді.
Айта кету керек, жедел-алдын алу іс – шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 373 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 28 – жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін, 3 – жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін, 11 – балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін және 2-маршруттық көлік құралдарын тоқтату ережелерін бұзғаны үшін.

Бұл жұмыс жалғасуда және полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына, сондай-ақ ата-аналарға балалармен жол жүру ережелері туралы қосымша әңгімелер өткізуге, оларға оң үлгі көрсетуге және жүріс бөлігінде пайда болатын және туындауы мүмкін жағдайларды талдауға жүгінеді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img