Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсыАқмола облысының бас полицейі Жақсы ауданына барды

Ақмола облысының бас полицейі Жақсы ауданына барды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылғы 1 сәуірде Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин облыстың 17-ші аймағы – Жақсы ауданына барды.

Департамент басшысының жұмыс сапары Жаңа Қима ауылының № 7 учаскелік полиция пунктінде азаматтарды қабылдаудан басталды, оған учаскелік инспектор лейтенант Омаров Сансызбай қызмет көрсетеді.
Жеке қабылдауда генерал-майорға 45 жастағы ауыл тұрғыны жүгінді, ол жолдарды қардан уақтылы тазаламау мәселесіне қозғады.

Ер адамның айтуынша, ол науқас баласын ауруханаға жеткізе алмаған кезде бұл проблемаға жеке өзі тап болған. Төлеген Тоқмырзин әңгіме барысында оған учаскелік инспектор келіп, оны және баланы медициналық мекемеге апарғанын атап өтті.

Аталған елді мекенде қыс мезгілінде жыл сайын қар көп түседі, ал полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға әрдайым көмекке келуге дайын және полицейлер ауа райының қолайсыздығына тап болған жүргізушілер мен олардың жолаушыларын құтқарып қалғанын айта кету керек.

Арманбек Хакімбекұлы Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаровпен бірге Төлеген Тоқмырзиннің көкейтесті мәселелерін шешуге көмектесуге міндеттенді.

Қазіргі уақытта учаскелік инспектор Сансызбай Омаров бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан бес елді мекенге қызмет көрсетеді. Ауылға тағы бір учаскелік инспекторды бекіту туралы өтінішпен жергілікті тұрғын Айсұлу Ахметова жүгінді.
Әңгіме барысында әйел «whats app» мессенджеріндегі жергілікті чаттарда тұрған Сансызбай Омаровтың жұмысы туралы оң пікір білдірді және әрдайым азаматтардың сұрақтарына жедел жауап береді.
Белағаш ауылының учаскелік полиция пунктінде Светлана Хиллерт 2001 жылы Тверь облысынан Қазақстанға тұрақты тұруға келген, бірақ қазіргі уақытта оның жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 30 жастағы қызын құжаттандыру мәселесі бойынша генералға жеке өзі көмек сұрап жүгінді.

Ведомство басшысы құжатсыз тұлғалардың мәртебесін реттеу бойынша жұмыс жалғасып жатқанын және оның өзектілігі күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Арманбек Баймурзин Ақмола облысының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу Ақмола облысының Полиция департаменті мен оның бөлімшелерінің көші-қон мәселелері бойынша алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін түсіндірді. Азаматтықты табысты алуға және тіркеуге мүдделі тараптардың әрқайсысының дәйектілігі мен бірізді іс-қимылына байланысты. Сондай-ақ, Арманбек Хакімбекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл мәселеге ерекше назар аударатынын атап өтті.

Осы күні департамент басшысы Жақсы ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді, онда 2021 жылдың үш айының қорытындысы шығарылды.
Кеңесте полиция бөлімі қызметінің басым бағыттары, оның ішінде қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, құқық бұзушылықтардың одан әрі алдын алу, АПМ қызметінде барынша ашықтық атап өтілді.

Сонымен қатар іс-шарада полицияға белсенді көмек көрсеткені үшін Арманбек Хакімбекұлы еріктілерге алғыс хаттар табыстап, ерекше көзге түскен АПБ қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...