Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЖарқайыңАрманбек Баймурзин Жарқайың ауданының тұрғындарын жеке қабылдады

Арманбек Баймурзин Жарқайың ауданының тұрғындарын жеке қабылдады

Ағымдағы жылғы 2 сәуірде Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы аудандық полиция бөлімдері мен өңірдің елді мекендеріне кезекті сапары барысында Жарқайың полиция бөліміне барды.

Сапар жұмыс кеңесі барысында полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесуден басталды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың басшысы Жанболат Хамитов және Жарқайың ауданының Бас прокуроры Дмитрий Гришин қатысты.

Кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде Дмитрий Гришин Мемлекет басшысының ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін және оны заңды иелеріне қайтару туралы мәселелерді жедел шешу тетігін айқындайтын автомобильдерді ұрлауға қарсы күрес туралы ТМД келісіміне өзгерістерді ратификациялау туралы ҚР Заңына қол қоюы туралы ақпаратты жеткізді.

Осылайша, спикердің айтуынша, ТМД елдерінде автокөлікпен бірлесіп күресу үшін ақпараттық деректер базасы құрылады, онда есептен шығарылған және зақымдалған автомобильдер туралы ақпарат орналастырылады, бұл ұрланған көлік құралдарын қайтару шараларының тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар жеке құрамға ел Президентінің полиция қызметкерлеріне төлемдер туралы Заңға қол қойғаны туралы хабарланды, ол тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақыны пайдалануға, сондай-ақ ипотекалық бағдарламалар шеңберінде тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік береді.

Арманбек Хакімбекұлы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсарту үшін ҚР ІІМ министрі генерал-лейтенант Ерлан Тұрғымбаевтың қандай шаралар қабылдап жатқанына ерекше назар аударды.
Жеке құрамға арнаған сөзінде бас ақмолалық полицей полицейлерді өздеріне жүктелген міндеттерді ақтауға, азаматтарға конституциялық құқықтарын қорғай отырып, сапалы және кәсіби қызмет көрсетуге шақырды.

Осы бағыттағы жұмыстардың қалай жүзеге асырылып жатқанын тексеру үшін Арманбек Баймурзин Уәлиханов және Пятигорское ауылдарындағы учаскелік полиция пункттеріне барып, аудан әкімі Жанболат Хамитовпен бірге азаматтарды жеке қабылдады. Жарқайың ауданының тұрғындарын елді мекендердің көшелерін жарықтандыру, қылмыстық істі тергеу барысы, жолдарды жөндеу және жол белгілерін орнату, сондай-ақ жасанды кедір-бұдырлар мәселелері толғандырды.

Ақмоланың бас полицейіне ауыл тұрғындары шағымдармен ғана емес, сындарлы ұсыныстармен де жүгінді. Өмірлік тәжірибесі мол ішкі істер органдары ардагерлерінің учаскелік инспекторларын қоғамдық көмекшілер ретінде пайдалану туралы ұсыныс айтылды. Ауыл әкімі Гүлсағат Шәкірова генералға учаскелік инспектормен бірлескен жемісті жұмыс туралы айтып берді. Басшы Алмас Абдрахмановтың жұмысы туралы жылы лебізін білдірді.

Әкімнің айтуынша, карантин жағдайында олар ақпараттық технологияларды пайдаланады және чаттарда полиция капитанымен бірлесіп халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ауыл тұрғындарын мұқият тыңдап, Департамент басшысы толық жауап беріп, қызмет басшылары мен аудандық полиция бөлімі бастығының алдына тиісті міндеттер қойды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...