Пятница, 29 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының кәсіпкерлеріне тіл туралы заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Ақмола облысының кәсіпкерлеріне тіл туралы заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласында  жеке кәсіпкерлермен «Қазақ тілінде қызмет көрсетемін!» атты кеңес өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат бақармасы.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бірлесе өткізген кеңес «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде, сыртқы көрнекі жарнамалар мен бақылау касса машиналарының функциялары бойынша кәсіпкерлерге кеңінен ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

Кеңеске облыс орталығының және ZOOM платформасы арқылы аудандардың кәсіпкерлері, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Байланыс орталығы» бөлімінің басшысы Шынар Мусина, Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Светлана Занегина және  «I.T.Expert» ЖШС-нің басшысы Кристина Артемова  қатысты.

Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осыған орай, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылатыныны түсіндіріліп, кәсіпкерлерге заңнама талаптары жазылған парақшалар таратылды.

«Бүгінгі жиын кәсіпкерлер үшін пайдалы болды деп есептеймін. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде сөйлеп, кез келген орында қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етуі тиіс. Мемлекеттік тіл – барлық этносты топтастыратын байланыс құралы. Бұл заңда көрсетілген. Сондықтан осындай кездесулерді жиі ұйымдастыру заң бұзушылықтардың алдын алуға  септігін тигізеді», — дейді жеке кәсіпкер, сауда және қызметтер комитетінің мүшесі Данияр Ерденов.

Жиын соңында кәсіпкерлерге өздерінің қызметінде заңнама талаптарын сақтауда жауапкершілікті күшейтіп, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған жедел желі жөнінде ақпарат берілді. Жедел желі облыс аумағындағы кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне көмек көрсету мақсатында, жарнамаларды орнатпас бұрын олардың мәтіндерін тілдік нормаға сәйкес ресімделуіне байланысты тегін консультация береді.  Жедел желі телефоны: 25-81-09.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...