Жексенбі, Мамыр 5, 2024
2.8 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының кәсіпкерлеріне тіл туралы заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Ақмола облысының кәсіпкерлеріне тіл туралы заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Көкшетау қаласында  жеке кәсіпкерлермен «Қазақ тілінде қызмет көрсетемін!» атты кеңес өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат бақармасы.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы бірлесе өткізген кеңес «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде, сыртқы көрнекі жарнамалар мен бақылау касса машиналарының функциялары бойынша кәсіпкерлерге кеңінен ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

Кеңеске облыс орталығының және ZOOM платформасы арқылы аудандардың кәсіпкерлері, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Байланыс орталығы» бөлімінің басшысы Шынар Мусина, Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Светлана Занегина және  «I.T.Expert» ЖШС-нің басшысы Кристина Артемова  қатысты.

Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осыған орай, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылатыныны түсіндіріліп, кәсіпкерлерге заңнама талаптары жазылған парақшалар таратылды.

«Бүгінгі жиын кәсіпкерлер үшін пайдалы болды деп есептеймін. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік тілде сөйлеп, кез келген орында қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етуі тиіс. Мемлекеттік тіл – барлық этносты топтастыратын байланыс құралы. Бұл заңда көрсетілген. Сондықтан осындай кездесулерді жиі ұйымдастыру заң бұзушылықтардың алдын алуға  септігін тигізеді», – дейді жеке кәсіпкер, сауда және қызметтер комитетінің мүшесі Данияр Ерденов.

Жиын соңында кәсіпкерлерге өздерінің қызметінде заңнама талаптарын сақтауда жауапкершілікті күшейтіп, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанынан құрылған жедел желі жөнінде ақпарат берілді. Жедел желі облыс аумағындағы кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне көмек көрсету мақсатында, жарнамаларды орнатпас бұрын олардың мәтіндерін тілдік нормаға сәйкес ресімделуіне байланысты тегін консультация береді.  Жедел желі телефоны: 25-81-09.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...