Воскресенье, 9 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жаңа форматта талқылады

Ақмола облысының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жаңа форматта талқылады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысында жастар қозғалысы өкілдерінің және аймақ студенттерінің қатысуымен TEDx және печа-куча форматтарындағы кездесулер өтті.

Іс — шараның мақсаты — өскелең ұрпақ арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңірдегі колледждердің 300 студенті үшін «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» TEDx онлайн-конференциясы өткізілді, онда спикерлер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі халықаралық тәжірибені, сондай-ақ парасаттылық мәдениетін дамытудың өзекті құралдарын талқылады.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы жастар ұйымдары көшбасшыларының және студент жастардың қатысуымен TEDx «Таратуға лайықты идеялар» онлайн-кездесуін ұйымдастырды.

Айта кетейік, TEDx форматы қатысушылар пайдалы ақпарат, пікір, жаңалықтар мен идеялармен алмасатын конференциялар мен кездесулер өткізуді білдіреді. Мұндай форматтағы іс-шаралар түрлі қызмет салаларының мәселелерін қамтуы мүмкін.

Одан басқа, Сонымен қатар, Степногорск қаласының колледжінде печа-куча (PechaKucha) форматында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» диалог алаңы өткізілді. Бұл — нысаны мен ұзақтығы бойынша арнайы шектелген презентациялар мен баяндамаларды ұсыну және талқылау.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша қатысушылар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен идеяларды әзірледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...