Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Тендерге түскен келіншек» драмасы көкшелік көрермендерге ұсынылады

«Тендерге түскен келіншек» драмасы көкшелік көрермендерге ұсынылады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында қойылатын драманың авторы М.Сәрсеке, қоюшы режиссері,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері О.Кенебаев, қоюшы суретші М.Топанбаева.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

Сағила  — Маржан Бөкешова ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,

Таубай  — Қайрат Мырзаболатов ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері,

Айнагүл – Ғалия Қорабаева,

Жорабек – Төлеуов Еркебұлан

Еркетай – Мыңжасар Айару

Сергей –  Асланбек Шайсұлтанов

Көпшілік сахналарда –  Театр артистері.

Жазушы – драматург Медеу Сәрсекенің бұл туындысы бір отбасына тосыннан келген тағдыр сынағы арқылы бүгінгі қоғамның бет – бейнесін көрсетеді. Өрісін кеңітіп  немере бағып отырған қарапайым  ата — ана Таубай мен Сағиланың ұлы мен келіні көлікпен адам қағып кетеді… Айып арқалап темір торға қамалған жалғыз ұлды пара беріп құтқару үшін 100 мың доллар керек болады. Бауыр еті баласын  уайымдап, сарсаңға түскен  әке мен шеше, бұл ақшаны қайдан таппақ ? Бұл кесапатқа кім кінәлі? Бұл әлде шолжаң келіннің кесірі ме?

Премьераны көкшетаулық көрермендер қазанның 5,6 және 10 күндері аралығында тамашалай алады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...