spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға шақырады

Ақмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға шақырады

-Жарнама -spot_img

Тәртіп сақшылары ақмолалықтарды интернет-кеңістікте түрлі қызметтерді іздеген кезде мұқият болуды ұсынады. Алаяқтар азаматтардың сенімін жиі пайдаланады.
27 желтоқсанда Ақкөл ауданының полиция бөліміне 57 жастағы жергілікті тұрғын ағымдағы жылдың 18 маусымында белгісіз адам 21 мың теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденгені туралы арызбен жүгінді.

Арызданушының айтуынша, «OLX» хабарландыру сайтында ол спутниктік антенналарды орнатумен және баптаумен айналысатын шебердің хабарландыруын тапқан. Хабарландыру авторымен сөйлескеннен кейін әйел антеннаны орнатқаны үшін 21 мың теңге сомасында алдын ала төлем жасап, «қызмет көретуші» хабарлаған нөмірге аударым жасаған.

Алайда уәде етілген қызметті күте-күте жалыққан ол полициядан көмек сұрады. Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img