Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамАқмола полицейлері бір күн ішінде онлайн-форматта 127 дәріс өткізді

Ақмола полицейлері бір күн ішінде онлайн-форматта 127 дәріс өткізді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жол-көлік жарақаттары проблемаларының бірі балалардың ЖКО-ға түсуі болып табылады. Бұл ретте балалардың жол-көлік жарақаттануы деп — 16 жасқа дейінгі адамның әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған, белгілі бір уақыт аралығындағы барлық жол-көлік оқиғаларының жиынтығы айтылады.

Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының тұрақсыздығының себептерінің бірі-жол қозғалысына қатысушылардың көлік мәдениетінің төмен деңгейі және әртүрлі әлеуметтік институттардың жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде балалар арасындағы алдын-алу проблемасына жеткіліксіз көңіл бөлуі.

Осыған байланысты, жазғы демалыс қарсаңында Ақмола облысында екінші күн «Назар аударыңыз-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, ол балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараны жол полициясы қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкерлері, уәкілетті полиция және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жүргізеді.

Мектептерде полиция қызметкерлері ата-аналар жиналыстарында дәріс оқиды, оқушылармен конкурстар мен викториналар өткізеді, олардың көмегімен оқушыларға жолдағы қауіпсіздікті қызықты түрде еске салады. Сондай-ақ, балалар жол-көлік оқиғасына түскен мектептерді жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жұмысты ұйымдастыру тұрғысынан тексеру жоспарланған.

Бірінші күні онлайн-форматта профилактикалық сипаттағы 127 дәріс пен әңгіме өткізілді, оның ішінде 101 мектеп оқушылары арасында, 26 ата-аналар арасында. Аумақтық полиция органдары басшылығының қатысуымен 5 тікелей эфир өткізілді, онда көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыспен байланысты дағдылар бекітілді.

Сонымен қатар, облыс бойынша «Құрметті жолдас-жүргізуші!» атты 8 акция өткізілді.
Айта кету керек, жедел-алдын алу іс — шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 373 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 28 — жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін, 3 — жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін, 11 — балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін және 2-маршруттық көлік құралдарын тоқтату ережелерін бұзғаны үшін.

Бұл жұмыс жалғасуда және полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына, сондай-ақ ата-аналарға балалармен жол жүру ережелері туралы қосымша әңгімелер өткізуге, оларға оң үлгі көрсетуге және жүріс бөлігінде пайда болатын және туындауы мүмкін жағдайларды талдауға жүгінеді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...