spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола полицейлері екі балықшының өлімі ісін тергеуде

Ақмола полицейлері екі балықшының өлімі ісін тергеуде

-Жарнама -spot_img

Алдын ала болжам бойынша ер адамдар көміртегі тотығымен уланған. Қайғылы оқиға 7 сәуірде Ерейментау ауданында орналасқан Ащыкөл көлінің жанында орын алды.

Алғашқы материалдарды жинау барысында полицейлер бір күн бұрын 1966 және 1983 жылы туған екі адамның осы су айдынына балық аулауға келгенін анықтады. Балықшылар көл жағасында орналасқан үйді жалға алған, ал келесі күні таңертең үй иесі оларды өмір белгілері жоқ күйде тауып алған. Алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықпен өлу іздері табылмады.

Тұрғын үйде пеш болғандықтан екі адамның өліміне көміртегі тотығымен улану себеп болған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп – тексеру шеңберінде сот-медициналық сараптама тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img