Среда, 27 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті

«Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасы «Рухани қазына» кіші бағдарламасынының «Өңірлік мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауының қорытынды гала-концертіп, жүлдегерлер марапатталды.

«Дәстүрлі түрде өткізілетін байқау өңіріміздің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ең ірі жоба. Байқау облысымыздың көркемөнерпаз әртістеріне түрлі жанрларда таланттарын көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мәдениетті өзара байытудың, қоғамды топтастырудың, ұлттың генетикалық кодын: тілді, руханилықты, дәстүрді және Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтаудың жарқын үлгісі болып табылады», — деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Гала-концерт аясында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шеберлердің үздік туындылары ұсынылған сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрермендер қайта жаңғырған халықтық қолөнер бұйымдары мен техникаларына асқан қызығушылық танытты. Көрмеге облысы аудандарының қолөнер шеберлері мен суретшілерінің  200-ден астам туындылары қойылды. Халықаралық, республикалық көрмелердің жүлдегері, Шортанды ауданының құрметті азаматы, суретші, қолөнер шебері Бектас Кәрімұлының қолынан шыққан туындылар көпшіліктің таңданысын тудырды. Сондай-ақ, биыл ғана қала мәртебесін алған. Қосшы қаласының ұлттық аспаптарды жасаушы шебері Нұржан Ділмановтың туындылары да көрермен көзайымына айналды. Бурабай ауданы шеберлері ұсынған ұлттық киім дэфилесі көрмеге айырықша сән берді.

Өңірдің үздік шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының өнері де концерттік бағдарламаға енді. Сахна төрінде өнер көрсеткен «Асыл мұра», «Арай» (Көкшетау) халықтық би ансамбльдері, «Ақбұлақ» (Ерейментау) қобызшылар ансамблі, «Дударай» (Қорғалжын) халықтық фольклорлық ансамблі, «Арт-ложки» (Ақкөл) ансамблі, халықтық балет студиясы (Степногор), «Маленькая леди» (Атбасар) сән театры, ұлттық киімдегі дефиле (Бурабай),  «Родничок» (Атбасар)  би ұжымы тәрізді өнерпаздар көрермен көңілінен шықты. Биылғы жылдың жаңалығын Қосшы қаласынан жас әнші Есет Әлжан мен Ауғантай Иса және Аршалы ауданынан Сүлеймен Олжасұлы деп атауға болады.

Облыстық халық шығармашылығы байқауының аудандық және қалалық гала-концерттерінің қорытындысы бойынша облыстық маңызы бар қалалар, орталықтары қалалар болып табылатын аудандар, орталықтары ауылдар болып табылатын аудандар тәрізді үш топ бойынша жүлделі орындар анықталды.

«Ақмола жұлдыздары-2021» облыстық көркемөнерпаздар байқауында үздік өнер мен шығармашылық жетістіктері үшін Қорғалжын, Жақсы, Есіл, Атбасар аудандары ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен Целиноград, Егіндікөл, Жарқайың, Ақкөл аудандары мен Қосшы қаласы марапатталды. I-ші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен Зеренді, Бурабай аудандары және Степногор қаласы марапатталды.

Байқаудың бас жүлдесін Ерейментау, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласы иеленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...