Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында «Қыс – 2021» оқу-жаттығуы басталды

Ақмола облысында «Қыс – 2021» оқу-жаттығуы басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Ақмола облысында «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды, оған Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері, БАҚ, оқу-жаттығуға қатысатын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Республикалық командалық-штабтық жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру және оның алдын алу жөніндегі іс-қимылдарға тексеру мақсатында жүргізіледі. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, оқу-жаттығуды өткізу орны ретінде Ерейментау ауданы таңдалды.

«Биыл біз Ерейментау қаласын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Географиялық жағдайлары мен аумақтық орналасуы бойынша жыл сайын дәл осы ауданда қысқы кезеңде автомобиль жолдарында кептелістер болады. Бүгін аудан орталығына облыстық Азаматтық қорғау қызметінің барлық өкілдері келді. Қысқы кезеңге дайындық тексерілуде», – деді Нұрлан Атығаев.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай оқу-жаттығулар жыл сайын республиканың барлық облыстарында өтеді. Оқу-жаттығу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыстың барлық қалалары мен аудандарында жедел штабтар құрылды.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады.

Өткен жылдың қыс мезгілінде Департаменттің бөлімшелері полиция департаментімен, қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, жол қызметтерімен бірлесіп қар құрсауынан 89 бірлік техниканы сүйретіп шығарды. Республиканың автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ құтқару бөлімшелері 69 шығуды жүзеге асырды. 550-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, жылыту пункттерінде 817 адам орналастырылды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...