Четверг, 13 февраля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушылар «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнері байқауында өз шығармашылықтарын ұсынды

Ақмолалық оқушылар «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнері байқауында өз шығармашылықтарын ұсынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Іс-шара өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдауға және дамытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тусінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамытуға ықпал етеді.

Байқауға 10 аудан мен Қосшы, Астана қалаларынан 16 театр ұжымы, оның ішінде 8-17 жас аралығындағы 107 оқушы қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Драмалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры», «Музыкалық спектакль». Қатысушы ұжымдар режиссерлік ой, актерлік ойын, музыкалық шешімі, әсем бейнесі, көркемдік безендірілуі критерийлері бойынша бағаланды.

Қазылар алқасы шешімінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде
«Драмалық спектакль» номинациясында — Сандықтау ауданы, Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі, «Театральные ступеньки» театр ұжымы.

1 орын
«Драмалық спектакль» номинациясында – Қосшы қаласының мектеп гимназиясы, «Шам» театр ұжымы; «Қуыршақ театры» номинациясында — Аршалы ауданы, Қостомар аулының жалпы орта білім беретін мектебі, «Алақай» театр ұжымы.

2 орын
«Драмалық спектакль» номинациясында – Бұланды ауданы, Макинск қаласы балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Фантазеры» театр студиясы;
«Драмалық спектакль» номинациясында — Аққөл ауданы, Ақкөл қаласының балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Әрекет» театр ұжымы;
«Әдеби – музыкалық спектакль» номинациясы – Сандықтау ауданы, Улан ауылының негізгі орта мектебі, «Юные актеры» театр ұжымы.

3 орын
«Драмалық спектакль» номинациясында – Астана қаласының №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп — лицей – интернаты, Жұмат Шанин атындағы театр ұжымы; «Драмалық спектакль» номинациясында – Атбасар қаласы, балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Молодость страны» театр ұжымы;
«Драмалық спектакль» номинациясында – Аршалы ауданы, Қостомар аулының жалпы орта білім беретін мектебі, «Шабыт» театр ұжымы; «Әдеби – музыкалық спектакль» номинациясы — Аршалы ауданы, Қостомар аулының жалпы орта білім беретін мектебі, «Шабыт» театр ұжымы.

«Үздік әйел рөлі» номинациясында – Хисан Мөлдір, Астрахан ауданы;
«Үздік ер адам рөлі» номинациясында –Тарасов Алексей, Аршалы ауданы;
«Көркем сөз» номинациясында – Үсенұлы Есіл, Целиноград ауданы;
«Үміт» номинациясында — Шортанды ауданы, Научный ауылының балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы, «Зеленая лампа» театр ұжымы.

Жеңімпаздар дипломдармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...