Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерСандықтауПетровка ауылындағы мектептің тапсыру мерзімінің бұзылу қаупі бар

Петровка ауылындағы мектептің тапсыру мерзімінің бұзылу қаупі бар

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев Сандықтау ауданында болып, Петровка ауылында 80 орындық мектеп құрылысына мониторинг жүргізді.

Нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы аясында салынуда. Айдын Бертісбайұлы бұл нысанға куратор ретінде партия желісі бойынша тағайындалды.

Мектептің құрылысы 2021 жылы облыстық бюджеттен 15,3 млн теңге бөлінген кезде басталды. 2022 жылы 79,1 млн бөлінді, 2023 жылы – 577 млн. Шарт бойынша жобаның жалпы құны – 776,4 млн теңге.  Нысанды «Ерқанат-Сервис» мердігерлік компаниясы салып жатыр. Мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру керек. Сандықтау ауданының білім бөлімінің мәліметінше, бүгінде нысанда 33 адам еңбек етуде.

Депутаттың айтуынша, Петровкадағы мектептегі жағдай үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

«Менің Петровкаға сапарымнан кейін екі апта жаңбыр жауды, сондықтан алға жылжу жоқ. Абаттандыру бойынша көп нәрсе жасалмаған. Тек қоршаулардың іргетасын толтыра бастады. Құбырларды төсеу кезінде де проблемалар бар, өйткені сметада жасзылған  темір құбырлардың орнына пластиктен жасалған кұбыл салынуда.  Ал мердігер компанияда құбырларды бір-біріне жалғауға арналған жабдық жоқ. Нысанда жұмыскрелердің саны да әлі де аз, бұған дейін  мен құрылысшылар санын көбейтуді ұсынған болатынмын.  Бір бригада жұмыстың барлық түрлерін – әрлеу де, абаттандыруды да, шатырды жабуды да  өздері орындауда. Яғни, толығымен жан-жақты жұмыс жүргізілмейді. Сондықтан уақыт кестесі үнемі өзгеріп отырады.

Сыныптарға арналған жабдықтар әлі сатып алынған жоқ, ал менің ойымша, оны сатып алып дайындап қою кажет. Инертті материалдар туралы кейбір сұрақтар бар, бүгінгі күнге дейін абаттандыру материалдары да жоқ. Бірақ Сандықтау ауданының әкімдігі бұл мәселеге жәрдемдесіп, қазіргі уақытта мектепті тезірек аяқтауға көмектесуде. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға шағымдар жоқ. Бірақ облыстық құрылыс басқармасына сұрақтар бар, өйткені олар күнделікті бақылауды жүргізуі керек, бір адам үнемі сол жерде, объектіде болуы керек.  Сонымен қатар, мердігердің жобаға қатысты кейбір сұрақтары бар, олар тапсырыс берушімен кейбір материалдарды ауыстыру сәттерін келісуде.

Жұмысты аяқтау мерзімі қысқа, ал жағдай бүгінгі күнде осындай», – деп бөлісті депутат Айдын Төребаев. Мәселе оның күнделікті бақылауында.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...