spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалық өрт сөндірушілер Жамбыл облысында қаза тапқандарды еске алды

Ақмолалық өрт сөндірушілер Жамбыл облысында қаза тапқандарды еске алды

-Жарнама -spot_img

Ақмолалық өрт сөндірушілер бір минут үнсіздікпен Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды. Облыстың барлық өрт-құтқару бөлімшелерінде бір минут үнсіздік өтті.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болып, нәтижесінде 13 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккен болатын.

Жоғалғандарды іздеу жалғасуда.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бар:

Темірболатов Арнұр Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Микропуло Александр Николаевич – жедел кезекші – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары;

Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Айманов Мейіржан Какпосынұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;

Ақмола облысының Азаматтық қорғау гарнизоны қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img