spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӘлемКабулда тағы жарылыс болды

Кабулда тағы жарылыс болды

-Жарнама -spot_img

Ауғанстан астанасындағы Кабул әуежайының маңында жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, әлеуметтік желіде жаралыстан туындаған қара түтіннің көкке қалай көтерілгенін көрсететін бейнелер тараған. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері БАҚ өкілдеріне қалада жарылыс болғанын растады.

Зардап шеккендер мен оқиғаның себептері туралы әлі нақты ақпарат жоқ. ВВС агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп, жарылыс зымыран дүмпуінен туындады деген болжам жасап отыр.

Зымыран әуежайдың жанындағы үйге түскен. Бірақ әуежайға қауіпті әсері болмаған. Рейтер агенттігі АҚШ-тың ресми адамдарына сілтеме жасап, зымыранды АҚШ әскери күштері тастады деген ақпарат таратты.

Ал Associated Press агенттігі америкалықтар зымыранды Кабул әуежайына өзін жарып жіберу үшін кірмек болған адамның көлігіне тастағанын жазып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img