Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалықтарға 1000-ға жуық улы газды анықтау датчигі орнатылды

Ақмолалықтарға 1000-ға жуық улы газды анықтау датчигі орнатылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі айлығы аяқталды, оның барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде улы газдың қауіпті концентрациясын анықтау бойынша 997 датчик орнатылды, тағы 1 132-сін орнату жоспарлануда, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қыркүйек айы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен «Өрт қауіпсіздігі айы» деп жарияланды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – халықты пешпен жылытуды және электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту.

2021-2022 оқу кезеңінде білім беру ұйымдарында 8 мыңнан астам адамды қамти отырып, 67 интерактивті және ашық сабақтар, 3 мыңнан астам адамды қамти отырып, 299 лекциялар, әңгімелер және нұсқамалар өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 1 108 сөз сөйлеу өткізілді, оның ішінде теледидар бойынша – 16, радио бойынша – 953, баспасөзде 139 мақала жарияланды.

Өрт қауіпсіздігі айы аясында атаулы алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында Департамент қызметкерлері 56 мыңнан астам аулаларды аралап, 153 мыңнан астам азаматқа нұсқау берді, 4,5 мыңнан астам азаматты қамтитын 221 жиын, жиналыс ұйымдастырылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс Төтенше жағдайлар департаменті мен Ақмола облысы әкімдігінің ерекше бақылауында.

Ақмола облысы ТЖ департаменті алдағы суық ауа райы қарсаңында азаматтар қайғылы салдардың алдын алуға және тұрмыста өрттердің туындауының алдын алуға мүмкіндік беретін өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын жою және барынша күш салу қажет екенін еске салады.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...