Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӘлемХимия бойынша Нобель сыйлығының жеңімпазы анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығының жеңімпазы анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Химиядан 2021 жылғы Нобель сыйлығы Беньямин Лист пен Дэвид Макмилланға асимметриялық органикалық катализаторды жасап шығарғаны үшін берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нобель комитетіне сілтеме жасап.

Нобель комитетінің ресми мәлімдемесінде Лист пен Макмиллан 2021 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығына молекулалық құрылымның жаңа дәл құралын: органокатализді жасағаны үшін ие болғаны атап өтілген.

Бұл жаңалық фармацевтикалық зерттеулерге айтарлықтай ықпал етіп, химияны экологиялық таза етуге үлесін қосты. Беньямин Лист и Дэвид Макмиллан 2000 жылы өз алдарына катализдің үшінші үлгісін жасап шығарған болатын. Олардың жаңалығы асимметриялық органокатализ деп аталып, шағын органикалық молекулаларға негізделген.

«Катализдің бұл тұжырымы қарапайым болса да, өте керемет. Көптеген адам бұл туралы бұған дейін неге ойланбадық деп айтып жатыр», — деп атап өтті химиядан Нобель комитетінің төрағасы Йохан Аквист.

Еске сала кетейік, 4 қазаннан бастап 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары жария етіле бастады. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты сыйлық 10 желтоқсан күні 10 елде табысталады. Марапаттау рәсімі жылда Стокгольмде өтетін.

Бұған дейін медицина және физика салалары бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...