Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кеше еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады.

1-ші апта (6, 13 сәуір) «Таза өлке»атауымен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды.

2 – ші апта (20 сәуір) -«Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.

3-ші апта (27 сәуір) – «Жасыл аймақ» күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады.

4-ші апта (4 мамыр) — «Өнегелі ұрпақ» күні Ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру жұмыстары.

5-ші апта (11 мамыр) – «Мөлдір бұлақ» деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту.

Акция аясында Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұжымы және Ақмола облысының жастар ресурстар орталығының ұжымы Республикалық «Таза Қазақстан» акцияға белсене қатысып,өз жұмыстарының аумағында орналасқан саябақты және Өрт сөндірушілерге арналған ескерткіштің манайын тазалады.

Бүгінгі акцияға зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен ерікті жастары қатыстырып отыр. Сондай – ақ, іс – шараға Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты, эколог Мариям Абишева, «Байтақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Кәрімов, Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің өкілдері,  қоғам белсенділері қатысып, өз үлестерін қосты.

Қаламызды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ұжым бес жылдан астам осы акцияға қатысып, көшеттерді отырғызып, біздің қоршаға ортаға өз үлестерін қосып келеді. Аталмыш акция бүгінде жастардың ерекше жақсы көретін іс-шараларының біріне айналып отыр. Бұл игі іс – шараның жастарға берері көп.

Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары жалпы тек акция аясында ғана емес, облыс аумағын көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктерді тұрақты түрде өткізіп, туған өлкемізді, тазалап, көркейтуге атсалысайық!  

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...