Пятница, 28 марта, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда Қостанай облысының күндері өтті

Көкшетауда Қостанай облысының күндері өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Шара аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозиция ғимаратында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Көкшетау — Қазақстанның мәдени астанасы 2021» мұражайаралық инновациялық жобасы аясында көрме қорынан «Құт қонған Қостанай» көрмесін ұсынды.

«Құт қонған Қостанай» көрмесі экспозициясына келушілер Қостанай облысының мәдени және тарихи мұраларымен таныса алады. Көрмеде тас дәуірі, қола дәуірі мен ерте темір дәуіріндегі бірегей археологиялық олжалар; қазақ жауынгер-батырларының сауыттары мен қарулары, аңшылық құрал-саймандар; зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен өңір этносының тұрмыстық заттары тәрізді пайдалы қазбалардың сирек кездесетін үлгілері қойылған.

Сонымен қатар мұражайдың көркемдік коллекциясындағы қазақстандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар мен жетекші шеберлердің — А.Қастеев, Н.Хлудов, Л.Леонтьев, Ж.Шарденов, Х.Наурызбаев, Г.Баянның, сондай- ақ атақты қостанайлық суретшілер мен қолданбалы суретшілер — Г.Соков, Н.Торшин, А.Шестаков, С.Луговой, Н.Халифаева, С.Шалунова, С.Ишанов, А.Анқауовтың сирек кездесетін туындылары қойылған.

Сонымен қатар, әлемдік музыка мәдениетінің озық үлгілері мен Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина сынды дәулеткер күйші-композиторлардың өлмес мұраларын жаңғыртып, ұлттық өнерімізді насихаттап, дамытуға өз үлесін қосып жүрген Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі көкшетаулық көрермендерді бір серпілтсе, «Арқалық жасөспірімдер театры» Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романының желісі бойынша  адамзат баласының басындағы ауырпалық, қайғы-қасірет, алдынан шыққан кедергілерге толы Едігенің өмірі бейнеленіп  қойылған «Мәңгүрт» (қасірет) спектаклімен  көрермендер ықыласына бөленді.

Іс-шараға  Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы А.Сәбитова, Қостанай облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары С.Әзімжанова Қостанай және Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің қызметкерлері, Көкшетау қаласының тұрғындары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Айта кетсек, «Рухани қазына» республикалық фестивальдің ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен биылғы жылы «Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесін алған Көкшетау қаласында 2021 жылдың 7 қазанда Қостанай облысының мәдени күні деп белгіленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі – кәсіпкерлікке жағдай жасаудың құралы

2024 жылы Ақмола облысында 8 миллионға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Қызметтердің біраз түрі кәсіпкерлік жүргізу үшін ерекше маңызды сипақта ие, олар: құрылыс кезінде рұқсаттар...

Құны 5 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Бурабай ауданының прокуратурасымен бірлесіп, құны 5 миллиард теңгеден асатын жобаны іске асыруға «Минеральные источники» жауапкершілігі...

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметтері өкілдерімен онлайн семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін...

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің  бастамасымен «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу бойынша онлайн мастер-класс өтті. Мастер-класқа жергілікті атқарушы органдардың персоналды...