Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмолалық жыршылар өзара сайысты

Ақмолалық жыршылар өзара сайысты

Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жырымен тербеген Көкшенің Көкені» облыстық жыршылар байқауы өтіп, үздіктер марапатталды.

Қазақы сөздің қадір-қасиетін жоғары бағалап, шығармалары сөз асылын білуге, орынды қолдануға, көркемдігін барынша пайдалана білуге үндейтін халық ақыны Көкен Шәкеевті насихаттауға бағытталған байқау іріктеу және қорытынды кезеңдерден тұрды. Іріктеу кезеңге Қорғалжын, Целиноград, Аршалы, Бұланды, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласынан 12 жыршы қатысты.

Қазылар алқасының құрамына Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы – ақын-импровизатор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, қазылар алқасының төрағасы; Хасенов Сәрсенбай  Оразұлы- Ақмола облысы мәдениет басқармасының  жанындағы «Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық  филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  дәстүрлі әншісі, халық әндерінің шығу тарихын зерттеуші; Мукушев Кенжебай  Жәнібекұлы Ақмола облысының мәдениет басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, дәстүрлі әнші енді.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені-200 мың теңгенің сертификатын Ұлдана Нұртуған (Бұланды ауданы) иеленсе, бірінші орынды-150 мың теңгенің сертификатын Баян Жұбанова (Қорғалжын ауданы), екінші орынды-100 мың теңгенің сертификатын Елеш Нұрғиса (Бұланды қаласы), үшінші орынды-80 мың теңгенің сертификатын Айсұлу Ысқақова (Аршалы ауданы)  жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және ақшалай сертификатпен марапатталды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...