-26.8 C
Кокшетау
Воскресенье, 10 декабря, 2023
ЖаңалықтарМаңыздыАлты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

-Жарнама -spot_img

Қазгидромет 23 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 тамызда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 23-25 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 23-25 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының көп бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

23-24 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 23-24 тамызда облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23-24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -spot_img
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img